RU
Екінші мәрте тұрмысқа шыққан Бүркіттің қарындасы күйеуін көрсетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Екінші мәрте тұрмысқа шыққан Бүркіттің қарындасы күйеуін көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана екінші мәрте отбасын құрғанын хабарлаған Әсел Асқардың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Бүркіттің қарындасы өз құдабаласымен көңіл қосқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде өлеңді мәнерлеп оқып танылған ару жүрегін жаулай алған сүйіктісінің кім екенін өзі жария еткен. Ол Instagram парақшасында қызойнағы кезіндегі суреттерін жүктеп, көпшілікке күйеуін көрсеткен.

Анықталғандай, Әсел Асқардың таңдауы Айбек есімді жігітке түскен. Айта кетерлігі, желі жұлдызының сүйіктісі оған құдабала болып келеді. Бұл туралы Бүркіттің қарындасы екеуі кездесіп жүрген кезде жазған болатын.

Атышулы ару кілең құрбыларының арасында қызойнағын дүркірете тойлап өткізген. Ғаламторда жарияланған видеоларға қарап, кеш соңында оларға Әселдің жолдасы келіп қосылғанын байқауға болады.

Айбек ғашығына гүл шоғы мен сақина тарту еткен.

Айта кетейік, бұған дейін Бүркіттің атышулы қарындасы екінші мәрте тұрмысқа шыққанын хабарлаған болатынбыз. Әсел Асқардың бірінші некеде туған ұлы оның шешімін қалай қабылдағаны да белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
44
8
5
3
9
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel