RU
"Стервочка": Жұлдыз Әбдікәрімованың жаңа образы жұрттың ашуын тудырды

"Стервочка": Жұлдыз Әбдікәрімованың жаңа образы жұрттың ашуын тудырды

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова желіге сары шашты образын жүктеп, елдің сынына қалды. Көпшілікке оның заманауи стилі ұнамай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Шоу-бизнес жұлдызының жары бейнебаяндағы образын Instagram парақшасында жариялаймын деп елден оңбай сөз естіді.

Желідегілер Жұлдызға сары шашты болған жараспайтынын жазып, оған өзінің қарапайымдылығы әлдеқайда жарасымды екенін айтуда.

Алайда, кейбір оқырмандар бұл пікірлермен келіспей, әншінің жарына қолдау білдірген.

"Сізге кез келген образ жарасатын сияқты. Өте тартымдысыз" , "Стервочка" , "Қайрат қызғанып жүрмесін" , "Түк жарасып тұрған жоқ" , "Меніңше бұл образ сізді ұрысқақ ретінде көрсетіп тұр" , "Бірден мінезді әйелге айналып шыға келдіңіз" , "Өз қара шашты қарапайым образыңыз анағұрлым жақсы" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
36
8
6
1
2
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel