Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әнші "Славян базары" байқауында үздіктер көшін бастап тұр

Опубликовано:

Қазақстандық әнші Әділхан Макин Витебск қаласында өтіп жатқан "Славян базары" байқауына қатысып жатыр. Бірінші күннің қорытындысына сәйкес, ол 90 баллдың 89-ын жинаған деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

13 шілде күні байқау қатысушылары славяндық композиторлардың әндерін орындады. Қазақстандық талант әні мен сөзін танымал әнші әрі композитор Игорь Николаев жазған "Озеро надежды" өлеңімен өнер көрсетті.

Әділханнан кейін Израиль өкілі Илай есімді ару орналасқан. Ол отандасымыздан екі баллға төмен нәтиже көрсеткен. Үшінші орында украиналық Дмитрий Бабак келе жатыр.

Байқауға 16 мемлекеттің әншілері қатысуда. Биыл "Славян базарының" сахнасында тұңғыш рет Қытай мен Швейцария қатысушылары өнерін паш етпек.

Сонымен қатар, биыл байқауда жартылай финалдар болмайды.

Басылымның жазуынша, Қазақстан өкілдері "Славян базарында" өзін жақсы көрсете біледі. 2011 жылы Әлішер Кәрімов қолаға ие болса, өткен жылы Әмре бірінші орынды қанжылады. Ал Димаш Құдайберген 2015 жылы байқаудың бас жүлдесін иеленген.

Әділхан Макиннің өнер көрсетуін 27 минуттан бастап тамашалауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804582-kazakstandyk-nsi-slavan-bazary-bajkauynda-zdikter-ksin-bastap-tr/

pixel