Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы шаңырақ көтерді (фото, видео)

Опубликовано:

14 шілде күні Алматыда бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев үйленді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, спортшы тараздық арумен шаңырақ көтерген.

Неке қию рәсімі мен үйлену той Алматы қаласында өткен.

Мерекелік кеште әнші Серікбол Сайлаубек, Қанат Үмбетов, Әбжаппар Әлқожа, Жолдасбек Абдиханов, Ибрагим Ескендір, "Өнер қырандары" театрының бір топ әртістері, "Қазақстан барысы" Бейбіт Ыстыбаев, боксшылар Садриддин Ахметов, Абылайхан Құсайынов, Мадияр Ашкеев, кәсіпкер Дос Малик сынды танымал тұлғалар бой көрсеткен.

Айта кетейік, Жүкембаев кәсіпқой боксқа 2015 жылы келді. Ол барлық жекпе-жегін Канадада өткізген.

Спортшы Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді.

Боксшы соңғы кездесуін осы жылдың 18 мамырында Монреаль қаласында өткізіп, мексикалық қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.

Осы жеңістен кейін боксшы өзінің дивизонында үздік 20 спортшының қатарына енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804619-zeilip-krmegen-kazakstandyk-bokssysy-sayrak-kterdi-foto-video/

pixel