RU

"Басында ми жоқ": Бесбаев та танымал эстафетаға қатысты (видео)

Мейрамбек Бесбаев Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын Ернар Айдардан қабылдап алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ Күлкішіл, кердең наданның.
Көп айтса, көнді. Жұрт айтса, болды. Әдеті надан адамның.
Бойында қайрат, ойда көз Болмаған соң, айтпа сөз....
Жігіттер, жалғастырыңдар", - деп әнші ұлы ақынның "Сегіз аяғынан" үзінді оқыған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны Димаш Құдайберген қабылдап алған болатын.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қабыл алып, Абай Құнанбайұлының өлеңінен үзінді оқыды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804638-basynda-mi-zok-besbaev-ta-tanymal-estafetaga-katysty-video.html