RU
Фармация комитетінің бұрынғы басшысы Лариса Пак қайтыс болды
Жаңалықтар Қоғам

Фармация комитетінің бұрынғы басшысы Лариса Пак қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің бұрынғы басшысы Лариса Пак көз жұмды. Айта кетерлігі ол екі жыл қатарынан тергеуде болған еді. Бұрынғы шенеунік жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деп күдіктелген болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Лариса Пак. Фото: facebook.com/larisa.yunboyevna.pak

Лариса Пак. Фото: facebook.com/larisa.yunboyevna.pak

Марқұмның туыстары Facebook желісінде берген мәліметке сәйкес, ол шілде айының басында дүниеден өткен екен. Ал жерлеу рәсімі 10-шілде күні болған.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың жазында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының мәліметі бірнеше тұлғаның ұсталғанын хабарлаған.

Олардың ішінде денсаулық сақтау министрлігі, фармация комитеті төрағасы міндетін атқарушы Лариса Пак та болған еді.

Олар 10-12 мың долларға дейін пара алды деген күдікке ілінген.

Бастапқыда шенеунік тергеу изоляторында болғанымен, кейін ол үй қамаққа ауыстырылды.

Время басылымының хабарлауынша, содан бері екі жыл өтсе де, тергеу жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан көрінеді.

"Осы уақыт аралығында тергеу мерзімі аяқталады деп күтілген еді, алайда бәрі керісінше болып шықты. Күдіктілердің кінәсін мойындатуға қатысты нақты дәлелі табылмады, сол себепті прокуратура істі екі мәрте зерттеугі жіберді", - деп жазады басылым.

Сонымен бірге басылым, адвокат Хамида Айтқалиеваның сөзінен мысал келтірген. Ол өз кезегінде елордалық прокуратурада Лариса Пакқа қатысты істің тоқтатылуына қол жеткізген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel