Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жастағы жігіт Арыстағы жарылыс кезінде 80 баланы құтқарып қалған

Опубликовано:

Арыстың 19 жастағы тұрғыны Асқар Абдыхалық жарылыс кезінде 80 баланы аман алып қалды. Ержүрек жігіт қала өртке оранғанда балабақшадағы бүлдіршіндерді қауіпсіз аймаққа алып кеткен деп хабарлайды Хабар24.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos

Асқар Әбдіхалық әскери қойма қапыда жарылып, төңіректі өрт шалғанда бірден балабақшаға қарай ұмтылған. Ол қауіпке қарамастан балаларды шағын автобусқа отырғызып, қаладан алып шыққан.

Ол сол күні бойын қорқыныш билесе де, бүлдіршіндерді аман алып қалу үшін барын салғанын жасырмады.

17 жастағы жігіт бастақыда Шымкентке қарай бағыт алғанын, бірақ тас жолдағы кептеліс салдарынан Шардараға қарай бұрылып кеткенін жеткізді.

"Мен Шардара қаласына бару туралы шешім қабылдадым. Арыстан шығу мүмкін болмады", - деді ол.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Майра Амантаева сол күні барлық балабақша қызметкерлері үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.

"Балабақша қызметкерлері өте жақсы жұмыс атқарды. Бөбекжай меңгерушісінен бастап еден жуушыға дейін бір кісідей жұмыла білді. Ең бастысы, олар балалардың өмірін сақтап қалды. Сондықтан алғыстан басқа айтарым жоқ", - деді ол. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1804649-19-zastagy-zigit-arystagy-zarylys-kezinde-80-balany-ktkaryp-kalgan/

pixel