RU

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырсын ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Отырыс барысында еліміздің осы жылға және алдағы уақытқа қатысты әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері қарастырылады деп күтілуде.

"Бірінші кезекте біз жартыжылдық бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін қорытындылайтын боламыз. Жалпы қаңтар-шілде айлары бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.
Экономикалық өсім - 5,1 пайызды құраса, негізгі капиталға тартылған инвестиция 11,7 пайызға артты. Әрине экономикалық өсімдердің барлығы оң нәтижелер беруі керек. Біздің басты мақсат – әлеуетімізді толық көлемде қолдану", - деді Тоқаев кеңейтілген отырыста.

Айта кетерлігі үкіметтің кеңейтілген отырысы жыл басында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен еді.

Онда елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанды экономикалық тұрғыда одан ары дамытуға қатысты шаралар анықталған-ды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804651-tokaev-kimetti-keejtilgen-otyrysyn-asty.html