RU
Әйгілі Зиданның туған ағасы өмірден өтті
Жаңалықтар Спорт

Әйгілі Зиданның туған ағасы өмірден өтті

Рассказать Вконтакте

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зиданның отбасында қайғылы жағдай орын алды. Аңыз футболшының туған ағасы Фарид қайтыс болды деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Фарид Зидан ұзақ уақыт бойы қатерлі ісік дертімен күресіп келген. Алайда, ол 55 жасында өмірден өтке.

Зинедин Зидан қаралы хабарды ести сала, командасының АҚШ-та өтіп жатқан маусым алдындағы дайындық шарасын тастап, Испания астанасына ұшып кеткен.

Зизу өзінің Instagram парақшасында марқұм ағасына жантебірентерлік жазба арнап, онымен қош айтысты.

"Фарид, сен менің жүрегімнің бауырысың. Сен үнемі маған тура жолды көрсетіп келдің. Сен үнемі батыл болғансың. Сен бәрін жақсы көрдің. Барлығы сені жақсы көрді. Мен сені мақтан тұтатмын. Сен мәңгіге менің жүрегімдесің" , - деп жазды Зидан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel