RU
Головкин "Канелоның" орнына басқа мексикалықпен айқасуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Головкин "Канелоның" орнына басқа мексикалықпен айқасуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде Сауль Альвареспен емес, өзге мексикалық боксшымен кездесуі мүмкін деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Forbes журналисті Питер Канның сөзінше, бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хайме Мунгия қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізуге талпынып жүр.

Спорт сарапшысы 21 жастағы боксшы тіпті Головкин өнер көрсететін орта салмаққа өтуге әзір екенін айтқанын жеткізді.

"Мунгияның орта салмаққа өтетіні сөзсіз. DAZN боксшыларды өзінде ұстағысы келетіні жасырын емес. Хаймеде Хоганмен жұдырықтасудан басқа таңдау болмады, өйткені ол міндетті үміткер саналды. Енді мексикалық Головкинмен жекпе-жек өткізіп, қомақты ақшаға қол жеткізуге үмітті", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel