Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевақа қатаң сөгіс жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Ермекбаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Нұрлан Ермекбаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов: UGC
"Біз қазір жүйелі кемшіліктердің салдарымен және әскери ведомстводағы бақылаудың әлcіреуімен күресіп жатырмыз.
Салыстырмалы түрде сіз Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі жаңа адамсыз, бірақ жағдайға толық жауаптысыз. Мен Жоғары бас қолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігіндегі жағдайға қанағаттанбайтынымды білдіргім келеді. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні Арыс қаласының маңындағы әскери қоймада жарылыс болып, салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған адам ауруханаға жеткізілген еді.

Қала толықтай эвакуцияланып, тұрғындар 28 маусымда елді мекенге қайта оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804670-tokaev-ermekbaevka-kata-sgis-zarialady/

pixel