Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір реттік акция": Тоқаев борыш жүктемесін азайту туралы айтты

Опубликовано:

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтардың кейбір санаттарының несиелерін кешіру туралы тапсырмасының қалай орындалып жатқаны жайлы есеп берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: Ақорда
фото: Ақорда: Twitter
"Төлем қабілеті төмен азаматтарға қатысты қарыз жүктемесін азайту бағытындағы жұмыстар қалай жүріп жатыр?", - деп мемлекет басшысы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтан сұрады.

Ұлттық банк төрағасы бұл бағыттағы жұмыс белсенді түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Ағымдағы жұмысты үкіметпен бірге 2 блокқа бөлдік. Бірінші блокта біздің қолдаумен қамтылған топқа қатысты мәліметті салыстыру жұмыстарымен байланысты. Осы мәліметтер базасын салыстыру бойынша жұмыстар ағымдағы аптада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен аяқталады.
Алдағы аптадан бастап шілденің аяғына дейін екінші деңгейдегі банктермен және микроқаржылық ұйымдармен, сондай-ақ проблемалық несиелер қорымен шарттар бекітіледі. Біздіңше, 1 қыркүйекке дейін банктерге қатысты қажетті төлемдер аяқталады. Айыппұл және өсімпұлға байланысты мәселелерді 1 тамызға дейін шешеміз", - деді Е. Досаев.

Президент бұл жұмыстарды үкімет, президент әкімшілігі тұрақты бақылауда ұстауы керектігін тапсырды.

"Біз осы акция туралы жарияладық. Атап айтқанда, бұл акция бір жолғы сипатқа ие. Алдағы уақытта осы тектес шаралармен айныласа алмаймыз, оған құқығымыз жоқ. Дегенмен, халыққа жариялаған бастаманы дер кезінде әрі сапалы орындауымыз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804671-bir-rettik-akcia-tokaev-halykty-kreditin-tleu-turaly-ajtty/

pixel