RU
Тоқаев Теңіз кен орнындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Тоқаев Теңіз кен орнындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Теңіз кен орнындағы жұмысшылар төбелесі туралы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Теңіздегі митинг, фото: оқиға куәгері

Теңіздегі митинг, фото: оқиға куәгері

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев оқиғадан кейінгі жағдай туралы баяндады.

"Әкім орынбасары басшылық ететін ведомстволық комиссия құрылды. Компаниялар өкілдерімен кездесу өткіздік.
Олардың ұсыныстарын ескеріп, министрліктермен және орталық органдармен бірлесіп, жұмыс істеп жатырмыз және жақын арада шешім қабылдаймыз", - деді ол.

Мемлекет басшысы болған оқиғадан сабақ алу қажеттігін айтты.

"Бұл – сабақ. Мұндай жағдайға жол бермеу керек. Осындай оқиғалар ел имиджіне кері әсер етеді.
Энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму саласындағы министрліктерге және "Самұрық-Қазына" үшін бұл мәселе өте маңызды, бұл бойынша әсіресе сіздің өңіріңізде ұдайы жұмыс істеу қажет", - деді президент Атырау облысының әкіміне.

Еске сала кетсек, 29 маусым күні Теңіз кен орнында жұмыскерлер қазақстандық қыздың суретіне шамданып, жаппай тәртіпсіздік орын алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
1
3
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel