Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш екі қолынан айырылған баланың арманын орындады (фото)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: Gettty Images/ Artyom Geodakyan / Contributor

Димаш Құдайберген тоққа түсіп, екі қолынан айырылған 10 жастағы Дамир Фаткулинмен кездесті. Әншінің жанкүйерлері протез алуды армандаған балаға 800 мың теңге жинап берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде өткен "Бақытты бала" фестивалі Димашпен жүздесуді армандаған бірнеше баланың арманын орындады.

Ерекше талант иесі бүлдіршіндермен дастархан басында кездескен.

"Мен Димашпен кездесуді армандадым. Қуанып тұрмын" , - дейді кішкентай Дамир.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фестиваль ұйымдастырушылары Дамирді жеткізу жұмыстарын да өз мойындарына алған. Жас әншіге қамкөңіл ананың да алғысы шексіз.

"Қуанышымызда шек жоқ. Баламды өздері алып кетіп, Димашымызбен кездестірген. Әншіні көру арманы еді. Өздері қыдыртып алып келді. Алғысым шексіз. Алла қуантсын! Маңдайы жарқыраған Димашымыздың шығармашылығына ақ жол тілейміз" , - деді анасы Гүлмира Фаткулина.

Кездесу еркін әңгімелесу түрінде өтіп, естелік сыйлықтар берілді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804690-dimas-eki-kolynan-ajyrylgan-balany-armanyn-oryndady-foto/

pixel