RU

Тоқаев әкімдерге: Өздеріңді князьдықтың басшылары секілді ұстайсыздар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инвесторларды тартуға қатысты әкімдердің жұмысын сынға алды. Президенттің пікірінше, олар инвесторлармен кездесу кезінде өздерін "князьдар" секілді ұстайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: UGC
"Инвестиция тартылу қажет. Мен әкімдерге айтып тұрмын: сіздер инвестиция тартумен айналысуларыңыз керек.
Кейде мен теледидардан сіздердің кәсіпкерлер мен инвесторлар делегациясын қалай қабылдайтындарыңызды көремін. Үстел басына отырып, оларды екі, үш, төрт метр қашықтықта отырғызып, өздеріңізді қандай да бір князьдықтың басшылары ретінде ұстайсыздар. Инвестиция тартуға мүдделі сіздер емес, олар секілді. Бұл ешқайда жарамайды", - деді президент.

Мемлекет басшысы әкімдерге Сингапур премьер-министрі Ли Куан Юдің "Үшінші әлемде бірінші" атты кітабын оқуға кеңес берді. Онда автор мемлекетке инвесторларды тартудың жеке тәжірибесі жайлы әңгімелеген.

"Өздеріңізді үлкен басшы ретінде көрсете бермей, шамамен осылай жұмыс істеулеріңіз қажет. Тік айтайық, бұл сізге жараспайды. Телевизиядан бұл тұрғыда нашар көрінесіз.
Тек іскерлік бағытта жұмыс істеу керек", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804699-tokaev-kimderge-zderidi-knazdykty-bassylary-sekildi-stajsyzdar.html