RU
"Барселона" Гризманнды сатып алу үшін 35 млн еуро кредит алған

"Барселона" Гризманнды сатып алу үшін 35 млн еуро кредит алған

Рассказать Вконтакте

"Барселона" президенті Жозеп Бартомеу Антуан Гризманн трансфері туралы толығымен айтып берді деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бұл маңызды келісім. Біз өте разымыз. Гризманнға қабылдаған шешімі үшін рақмет.

"Атлетико" арызы? Мен олармен сөйлестім. Ұжымның өз қызығушылығын қорғап жатқанын жақсы түсінемін. Біз Гризманнмен мамыр айында байланысқа шықтық. Наурыз бен сәуірде келіссөздер болған жоқ.

Трансферді жүзеге асыру үшін біз алты айға 35 млн еуро кредит алдық. 85 млн еуроны футболшыларды сату арқылы таптық", - деді Бартомеу.

Айта кетейік, француздық шабуылшы "Барселона" клубымен 5 жылдық келісім-шартқа отырды.

Мадридтік "Атлетико" басшылығы трансфер шарттарына көңілдері толмайтынын айтып, арыз жазды.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel