RU

Тоқаев "Болашақ" бағдарламасымен оқитын шенеуніктерге шүйлікті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында президент әкімшілігіне "Болашақ" бағдарламасына қатысуға қатысты өзгерістер енгізуді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Kazakh.TV
Көрнекі фото: Kazakh.TV: UGC

Ол саяси қызметкерлер оқумен тек жұмыстан бос кезде ғана айналысу керек деген ойын алға тартты.

Президент білім және ұлттық экономика министрлігінде, министрдің орынбасары деңгейіндегі саяси қызметкерлердің "аяқ астынан өз қызметтерін тастап, "Болашақ" бағдарламасымен оқуға кетуіне" налыды.

"45 жастан кейін қайдағы оқу? Бұл бір ғана мысал емес, мұндай жағдайлар деңгейі жағынан төмен, басқа да көптеген мекемелерде орын алып жатыр. Қызметкер өз басшысына келіп: мен "Болашақпен" оқуға түстім, мені оқуға жіберіңіз дейді.

Сөйтіп жаңа магистрлер қызметі біздің құзырымызда қалады да, министрдің жаңа орынбасарын олар оқудан қайтпайынша, бір жылға сайлайды.

Мемлекеттік қызмет емес, сандырақ іспетті...Президент әкімшілігіне бағдарламаға қатысу талаптарына өзгеріс енгізу қажет.
Саяси қызметкерлер, әрине, өз білімдерін жетілдіруге құқылы, алайда мемлекет есебінен емес, өз еркімен, жұмыстан тыс уақытта", - деді мемлекет басшысы.

Президенттің пайымдауынша, мемлекеттік қызмет – ел мен халыққа қызмет ету.

"Бұл ерекше міндет, сондықтан осы жолға келген мемлекеттік басқарушылар оларға ерекше сұраныс пен талап қойылатынын білу керек. Ал бір жағынан, мемлекеттік қызметкерлерсіз, шенеуніктерсіз, оның ішінде осы залда отырған сіздер де барсыздар, мемлекет те болмайды.
Басқа сөзбен айтқанда, олар – мемлекеттің тірегі, оларға деген талап та күшті", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804717-tokaev-bolasak-bagdarlamasymen-okityn-seneunikterge-sjlikti.html