RU
Келіннің бетін "ерекше" ашып, орамалды жерге тастаған жігіт сынға қалды (видео)

Келіннің бетін "ерекше" ашып, орамалды жерге тастаған жігіт сынға қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде атышулы челленджді орындамақ болған жас жігіттің видеосы тарады. Бір ерекшелігі, ол бұл жолы бөтелкенің емес, келіннің бетін ерекше ашуды жоспарлапты. Алайда, орамалды домбырамен алып, жерге тастаған азамат жұрттан аяусыз сөз естіп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Видео Instagram-дағы kazakshavainnn тобында пайда болды.

Танымал челлендж бен беташарды ұштастырмақ болған жігіт желі қолданушыларының ашуын шақырды.

Кадрдан жас жігіттің келіннің бетін домбырамен ашып, орамалды жерге тастағанын көруге болады. Осы іс-әрекеттен кейін келін иіліп сәлем салыпты.

"Қатырдым деп тұр ғой, мәз болып", "Орамалды жерге лақтырғаны несі? Әдептілік, ұят қайда?", "Сен осылай істесең, ертең басқалары не істемейді?", - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
13
3
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel