RU
NUR.KZ-те кімдер қызмет жасайды?
Жаңалықтар Nur қалай жұмыс істейді

NUR.KZ-те кімдер қызмет жасайды?

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ IT-компаниясының қызметкерлері қандай? Егер сіз диджитал маркетингте жұмыс іздеген болсаңыз, Интернет БАҚ-та сату менеджері немесе журналист болғыңыз келсе, бұл мақала сіздің көптеген сұрақтарыңызға жауап береді.

NUR.KZ-те кімдер қызмет жасайды?

Мария Карчевская, персонал жөніндегі директор:

Өйткені, NUR.KZ - IT-компания, және біз қызметкерлерді іріктеу әдістемесін адамдармен табысты жұмыс тәжірибесі бар ұқсас саладағы компаниялардан алдық. Мысалы - Google, Amazon, Facebook сияқты.

Осылайша, позицияны ашар алдында тікелей басшы жалдау картасын толтырады, онда компания не үшін қажет екенін; сынау мерзімі кезеңінде кандидат қандай міндеттерді атқаратынын; болашақ қызметкер үшін қажетті құзыреттерді және оның қандай міндеттері болатынын түсіндіре отырып, позиция миссиясын жазады.

Бірақ біз әрбір қызметкерде көргіміз келетін қасиеттер бар. Ең алдымен, бұл жаңаға тез үйреніп, жағдайларға бейімделе білу. NUR.KZ -тез дамып келе жатқан IT-компания, табысты болуды жалғастыру үшін, егер олар тиімсіз болса, біз үдерістерді жүре өзгертуіміз қажет.

Біздің барлық қызметкерлер тез жинақтала алады және жаңашвлдықты оңай қабылдайды. Сондай-ақ, біз үшін уәжділік, ең үздік болуға ұмтылу, нәтижелерге қол жеткізу маңызды. Осылайша, сұқбаттасуда біз әрқашан өз өмірінде үміткер нені мақтан тұтатынын сұраймыз. Біз үшін адамның бұрынғы мансабында немесе оқуда жетістіктері болуы өте маңызды.

Біздің ұстанымымыз - қателесіп, жақсы қызметкерді алмай қалған, қателесіп, біздің талаптарға жауап бермейтін қызметкерді алудан әлде қайда жақсы. Соңғы жарты жылдықта орта есеппен әр бос жұмыс орнына 28 кандидаттан келді.

Бұл сұхбат кезеңіне жеткен адамдар. Мұндай үлкен таңдау бізге барынша қолайлы кандидатты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл процесс алты кезеңнен өтеді. Олардың әрқайсысы кәсіби жағынан да, жеке жағынан да күшті және әлсіз жақтарын анықтауға бағытталған және болашақ қызметкердің алдында тұрған міндеттерге жауап береді.

Бұл ретте, барлығы тез жасалады - біз жұмыс іздеуде жүрген адамдар үшін шешім қабылдау жылдамдығы өте маңызды екенін түсінеміз. Сұрыптау әрбір жалдау кезеңінде жүреді және қазіргі уақытта бұл әдіс өзін толық ақтады.

NUR.KZ-те кімдер қызмет жасайды?

Лилия Бауэр, rabota.nur.kz жоба жетекшісі

Біздің жұмысымыздың негізгі идеясы - біз өз клиенттеріміздің достарымыз. Біздің қызметкерлер әрдайым байланыста, әрқашан көмектесуге дайын. Сондықтан, біздің сату менеджерлеріміз – белсенді, коммуникабельді және батыл.

Олар клиент үшін барынша ыңғайлы өзара іс-қимыл жасау үшін шеңберден шыға білуі тиіс. Біздің іс-тәжірибемізде Ресейден келген клиентке қазақ тіліне аударма жасау қажет болған жағдай болды және менеджер оған көмектесті, бірақ бұл оның құзыретіне кірмеген. Біз өз жұмысымызға осындай креативті көзқарасты бағалаймыз.

Бізде позитивті, ашық адамдар жұмыс істейді, олар біз үшін жай ғана әріптестер емес, нағыз достар. Біз ұжыммен бірге көп уақыт өткіземіз – түскі үзілісте үстел теннисі ойнаймыз, әр демалыс күндері бір жерде бас қосып, уақыт өткіземіз. Бұл достық атмосфера – адамдардың бізде жұмыс істегісі келуінің басты себебі.

NUR.KZ-те кімдер қызмет жасайды?

Евгения Ко, коммерциялық директор:

NUR.KZ сату жөніндегі менеджер – бірінші кезекте, өршіл адам. Ол әрдайым атқарған жұмысын жеткіліксіз деп санап, көбірек жетістіктерге қол жеткізгісі келеді. Коммерциялық Департаментте креативті және коммуникабельді қызметкерлер жұмыс істейді, – дәл осы қасиеттер оларға барлық адамдар үшін барынша пайдасын тигізіп, клиенттермен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Біз олардың дамуға деген кез келген ұмтылысын қолдаймыз.

Осылайша, біздің қызметкерлеріміз өз бастамасы бойынша, қазіргі уақытта қандай да бір клиентпен жұмыс істеу үшін қажет болуы мүмкін дүниені оқып, өз деңгейін үнемі жоғарылатады.

Біздің клиенттеріміздің қатарында елдің ірі компаниялары бар, ал сату жөніндегі маман үшін басты мотивация - алынған бонустарға байланысты оның еңбекақысы болып табылады. Сонымен қатар, сату менеджерлеріне NUR.KZ-те жұмыс істеген ұнайды, өйткені мұнда тамаша мансаптық өсу мүмкіндігі бар. Бізде үнемі жаңа бағыттар пайда болады және әркім басшы бола алады.

Егер сипаттамалардың бірінде сіз өзіңізді танысаңыз, және енді біздің кәсіби командамыздың бір бөлігі болуды армандасаңыз,онда қол жетімді бос орындар тізімін қараңыз.

NUR.KZ-те кімдер қызмет жасайды?

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel