RU
600 полицей Алматының тоқсыз қалған қиылыстарына шықты

600 полицей Алматының тоқсыз қалған қиылыстарына шықты

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының полиция қызметкерлері электр қуатын берудегі ақауларға байланысты мегаполисте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруда деп хабарлайды полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қала ПД баспасөз қызметі

Фото: Қала ПД баспасөз қызметі

Қазіргі таңда бағдаршам объектілерін тоқтан ажыратуға байланысты жол-патрульдік полиция мен ӘПБ мамандандырылған батальонның 600 қызметкері жұмылдырылған.

Алматы жолдарындағы жағдай тұрақты, айтарлықтай құбылыстар байқалмайды, жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ.

Қаладағы жол жағдайын видеожүйелер арқылы жедел басқару орталығының операторлары да қадағалап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қаланың бірқатар аудандарында электр жарығы 14:30-да сөндірілді.

Анықталғандай, оған "АлЭС"АҚ 2-ЖЭО көзіндегі техникалық бұзушылық себеп болды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel