RU
Өзбекстанның 80 жастағы тұрғыны қартайған шағында студент атанбақ
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өзбекстанның 80 жастағы тұрғыны қартайған шағында студент атанбақ

Рассказать Вконтакте

80 жастағы Өзбекстан тұрғыны Тухтамиш Султонов Сурхандария облысы Ангор ауданының мемлекеттік қызметтер орталығы арқылы жоғары оқу орындарына құжаттар тапсырды деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ca-news.org

Фото: ca-news.org

Талапкер Самарқанд мемлекеттік университетінің биология пәнін оқыту әдістемесі, сондай-ақ Ташкент медициналық академиясының Термез филиалының емдеу және педиатриясы бағыттарын таңдаған.

15 шілде күні жоғарғы оқу орнына түсу үшін құжаттарды тапсырудың соңғы күні.

Бұл күндері Мемлекеттік қызметтер орталықтары тәулік бойы 24 сағат жұмыс істейді. Бүгінгі күні жоғары оқу орындарына түсу үшін жалпы алғанда, Окму арқылы 102 678 талапкер тіркелді. Оның 49 307-і - 2019 жылғы түлектер және 53 371-і - алдыңғы жылдардағы түлектер.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын жоғарғы оқу орнына 78 жастағы және 72 жастағы зейнеткерлердің құжат тапсырғаны туралы хабарланған еді.

Биылғы жылы ЖОО-на түсу тәртібіне сәйкес жас шектеулері алып тасталды және құжаттарды бірден үш оқу орнына бір бағыт бойынша тапсыруға мүмкіндік берді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel