RU

Халық банкінің тағы 210 клиенті хакерлердің құрбаны болды

Хакерлер Қазақстанның Халық банкіне шабуыл жасауды жалғастыруда. Белгілі болғандай, қазір алаяқтардан зардап шеккендер саны 200- ден асып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: yandex.ru
Көрнекі фото: yandex.ru: Twitter

Зардап шеккендер туралы ақпарат CERT.KZ Telegram-арнасында пайда болды. Хабарламада хакерлер құрбанына 210 клиенттің айналғаны айтылған. Сонымен қатар, жәбірленушілер қатарында Грузия банктерінің бірі де бар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін домен аты банктің ресми сайтына ұқсас болған фишинг сайты туралы хабарланған еді.

Пайдаланушылар өз құпиясөзін және логинін енгізіп, жеке деректерді зиянкестерге беріп отырған.

Бұған дейін хакерлердің іс-әрекеттерінен 80-нен астам адам зардап шегуі мүмкін екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804774-halyk-bankini-tagy-210-klienti-hakerlerdi-krbany-boldy.html