RU
"Славян базарында" жеңіске жеткен қазақ баласы көпшілікті таңдай қақтырды (фото)

"Славян базарында" жеңіске жеткен қазақ баласы көпшілікті таңдай қақтырды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Славян базары-2019" xалықаралық фестивалінде мемлекет намысын қорғаған Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы "Эстрада өнері" факультетінің 4-курс студенті Әділхан Макин Гран-приге ие болды. Бұл туралы академия ректоры Асхат Маемиров Витебскіден ресми түрде хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы баспасөз қызметі

Фото: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы баспасөз қызметі

Дүйім жұрттан сүйінші сұраған ол осыған дейін жеңіске жеткен қазақстандық өнерпаздар туралы да сөз қозғады.

"Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқан өнер жеңісі құтты болсын! Осыдан дәл төрт жыл бұрын "Славян базары-2015" xалықаралық фестивалінде Димаш Құдайберген тұңғыш рет Гран-приді жеңіп алып, ал 2017 жылы Ернар Садырбай І-ші жүлдеге ие болған еді. Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды. Екі күн бойы ерекше таланты мен вокалдық мүмкіндіктері үйлесіп, кәсіби орындаушылық деңгейі мен актерлік шеберлігі жарасым тапқан Әділxан Макин қазылар алқасы мен алты мыңнан астам көрерменнің, оның сыртында тікелей эфирді тамашалаған миллиондаған фестиваль жанкүйерлерінің таңдайын қақтырып, ыстық ықыласына бөленді",- деді ректор.
Фото: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы баспасөз қызметі

Фото: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы баспасөз қызметі

Маемировтың айтуынша, Әділхан байқау сахнасында ұлы ойшыл Абайдың әнін орындаған.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ақын Абай атамыздың 175-жылдығына арналған өлең оқу эстафетасы туралы көрермендерге қазақ тілінде xабарлап, "Славян базары" фестивалінің үлкен саxнасында Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін арнайы орындады. Әділxан 2- кезеңде үміткерлердің көшін бастап, қорытындысында 178 ұпай жинап, қатарластарынан оқ бойы озып, суырылып алға шықты.
Беларусь, Ресей, Германия, Швейцария, Болгария, Мальта, Израиль, Китай, Латвия, Украина, Польша, Литва, Грузия, Армения, Молдова секілді мемлекеттерінің айтулы эстрада әншілерінің ортасында топ жаруы - еліміздегі өнер мен мәдениет саласындағы кәсіби үрдістің биік деңгейде екендігін көрсетеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен шығармашылық делегация үш күн бойы фестиваль жұмысы мен конфернцияға белсене араласып, Қазақстандағы өнер кеңістігінің жетістіктерімен, тәжірибелерімізбен ой бөлістік",- деді ол.
Фото: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы баспасөз қызметі

Фото: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы баспасөз қызметі

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры байқау барысында қолдау білдірген адамдарға алғыс айтуды ұмытқан жоқ.

Фото: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы баспасөз қызметі

Фото: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы баспасөз қызметі

"Славян базары" xалықаралық фестивалінің ресми өкілі Қарлығаш Әбдікаримова тынымсыз еңбегіне, Әділxанның вокалдан ұстазы - PhD докторы Йоанис Кайсидиге және осы өнер сапарына ерекше қолдау жасап, әр күн сайын кәсіби кеңес-тілектерімен қанаттандырып отырған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға алғыс айтамыз. Қазақстанның ән өнеріндегі жаңа да жарқын есім Әділxан Макин - ел руxаниятын әлем кеңістікте дәріптеу жолында биік белестерді бағындыра берсін!",- деп қорытындылады Маемиров.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
23
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel