Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда 34 жастағы азамат төбелестен көз жұмды

Опубликовано:

Қостанайда бейнебақылау камерасына бір адамның өліміне себепкер болған үш жігіттің төбелесі түсіп қалды. Облыстың Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі almaty_chp парақшасында пайда болды.

Қайғылы оқиға 14 шілде күні орын алған. Полицияға қала дүкендері бірінің маңындағы төбелес туралы ақпарат таңғы сағат 6-да түскен.

Басылымның хабарлауынша, кикілжің дүкен келушілерінің арасында туындаған. Нәтижесінде, 34 жастағы азамат ауыр жарақат алып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Аталған фактіге сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1804823-kostanajda-tbeles-saldarynan-kz-zmgan-zigit-bejnebakylau-kamerasyna-tsip-kaldy/

pixel