Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойдың ауылы алыс емес": Қалыңдық көйлегін киген Луина жұртты алаңдатып қойды (видео)

Опубликовано:

Танымал әнші Луина өзінің Instagram желісіндегі парақшасына ақ көйлек киген видео жүктеп, көпшілікті қызықтырып қойды. Желі қолданушылары эстрада жұлдызы тойына дайындалып жатыр деген пікірлерін жаудырып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Видеода әншінің қалыңдық көйлегін киіп, сүйіктісімен суретке түсіп жатқанын анық көруге болады.

Желі қолданушылары бірден өнер иесі тойына дайындық үстінде деп топшылады.

Ал кейбірі тіпті екі жасқа "Бақытты болыңыздар", "Тойдың ауылы алыс емес сияқты ғой?", "Қалыңдық болған жарасады", "Өте сұлусыз" деген пікірлерін жазып, оларға құттықтау тілектерін айтып тастады.

Пікір жазғандар арасында белгілі шоу-бизнес өкілдері де бар. Мәселен, танымал тележүргізуші Марат Оралғазин "Уау, скоро той?" деп жазған.

Әзірге әнші аталған видеоға қатысты қандай да бір ақпарат айтқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804834-tojdy-auyly-alys-emes-kalydyk-kjlegin-kigen-luina-zrtty-aladatyp-kojdy-video/

pixel