Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол апатына түскен отандық әнші үш ай бойы гипспен жүргенін жайып салды

Опубликовано:

Отандық әнші Қанат Үмбетов біраз уақыт бұрын жол апатына түскенін айтып берді. Көлікті қатты айдауды жаны сүйетін әнші Нұрсұлтан Құрманның бағдарламасында жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші жол апатынан соң аяғы сынып, үш жарым ай бойы гипспен жүрген.

"Бұл нәрсені еш жерде айтқан жоқпын. 16 ақпан күні Бақанас атты елді мекеннен келе жатып, жол апатына түстім. Жанымыз тірі қалды. Дегенмен де аяғым сынып, үш жарым ай гипспен жүрдім.
Рөлде өзім болдым. Көлік ішінде жалғыз едім. Сол кезде рөлге неге өзім отырғанымды, не үшін қатты айдағанымды білмеймін. 140-пен келе жатып, көлікпен аударылып кеттім", - дейді әнші.

Ал бағдарлама жүргізушісі Нұрсұлтан Құрман өнер иесіне: "Жаныңдағы азаматтардың көпшілігі сенің жылдамдықты жақсы көретініңді айтады. "Қанат көлікті қатты айдайды" дейді", - деп сауал қойған.

Қанат Үмбетов бұл ақпараттың рас екенін жасырмады.

"Иә, қатты айдаймын. Сол нәрсені қоя алмай-ақ қойдым. 60-70-пен жүрсем, ішім пысып кетеді. Жол апатынан кейін енді-енді жылдамдықты төмендетіп жүрміз", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804844-zol-apatyna-tsken-otandyk-nsi-s-aj-bojy-gipspen-zrgenin-zajyp-saldy/

pixel