RU
Әділхан Макиннің "Славян базарында" өнер көрсеткен сәтінен видео пайда болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әділхан Макиннің "Славян базарында" өнер көрсеткен сәтінен видео пайда болды

Рассказать Вконтакте

Желіде "Славян базары - 2019" фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған қазақстандық Әділхан Макиннің өнер көрсеткен сәтінен видео пайда болды. Витебскте өткен ән байқауында ол ресейлік танымал композитор Игорь Николаевтың "Озеро надежды" әнін орындаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

15 шілде күні Әділхан Макин отандасы Димаш Құдайбергеннің ізімен "Славян базары - 2019" фестивалінің бас жүлдесіне ие болды. Қазақстандық әнші әділқазылар алқасы мен мыңдаған көрермендердің жүрегін жаулап, басқа қатысушыларды шаң қаптырған.

Жас таланттың өнер көрсетуінің видеосы Youtube желісінде оқырмандардың сансыз оң пікірлерін жинауда. Желі қолданушылары қазақстандық әншінің өнері мен ерекше даусына сүйсінгенін жасырмады.

"Керемет ән орындау. Жарайсың, Әділхан" , "Өте қылықты жігіт, мықты вокалист, ерекше аранжировка" , "Айтарға сөз де, мін де жоқ. Әділхан тек қана алға" , "Ол Лепстің өлеңдерін де оңайшылықпен айтып шығады" , "Эстрадада жаңа мега жұлдызды қарсы алыңыздар" , "Шектеулерді бұзды" , - деп жазған көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Әділхан Макиннің "Славян базарында" бас жүлде иеленгенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel