RU
Министр Мырзағалиевті Нұр-Сұлтандағы көлдердің жағдайы қынжылтты (фото)

Министр Мырзағалиевті Нұр-Сұлтандағы көлдердің жағдайы қынжылтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтан маңында орналасқан суаттарда болып қайтқанын айтты. Олардың күйі шенеунікті қынжылтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің басшысы Twitter парақшасында сапар кезінде жасаған бірнеше суреттермен бөлісті.

"Аумақтағы жағдай көңіл көншітерлік емес, барлық жерде қоқыс, адамдардан қалған қалдықтар және тағы басқа. Апатты қоқыс тастайтын жерлер табиғаттағы қалыпты жағдайға айналды.
Мәселені тек әкімшілік ресурспен шешу мүмкін емес. Қоғамның бірігуі қажет", - деп жазды министр.

Сол себепті ведомства басшысы жаңа экологиялық науқанды бастамақ. Ол барлығын суаттарды қоқыстан тазартуға шақырды.

Науқанның бірінші кезеңі осы сенбі күні өтеді. 20 шілде күні Қоянды су қоймасы тазартылатын болады.

"Жиын 20 шілдеде 8:00-ден 8:30-ге дейін болады. Барлығын Триатлон паркінің тұрақ аумағында күтеміз (Б. Момышұлы мен Р. Қошқарбаев қиылысы жағынан келу) сол жерден автобуспен науқан өткізілетін жерге барамыз. Тамақтану мен керекті құрал - жабдықтар сол жерде берілетін болады", - деді Мырзағалиев.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel