RU
Кенжебек Жанәбілов Мейрамбектің қол астында жұмыс істегенін мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Кенжебек Жанәбілов Мейрамбектің қол астында жұмыс істегенін мойындады

Рассказать Вконтакте

Кенжебек Жанәбілов "Музарт" тобына келгенше мейрамханада ән айтқан. Әнші әйгілі топқа шақырту алған кездегі алғашқы қуанышы жайлы "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кенжебек Жанәбілов ата-анасынан ерте айырылып, Алматыға туған ағасының қолына көшіп келген.

Ал үлкен қалаға келген алғашқы жылдары Мейрамбек Бесбаевтың жеке мейрамханасында ән шырқап, қаражат тапқан.

"Мен Алматыға келген соң мейрамханаларда ән шырқадым. Мейрамбек ағамыздың да ашқан мейрамханасы болды. Сол жерге мен де бардым. Менің Алматыға келуіме себепкер болған Бақтыбай деген туған ағам болатын. Ол кісіні Мейрамбек ағалар да таниды. Мейрамбек ағаның мейрамханасына келіп, ән айтып жатқан кезде ағам мені оларға тапсырды.
Содан әр мерекеде олардың достары жиналып, маған ән айтқызып, өздері билейді. Солай жүріп "Музарт" тобының әншісі болып кеттім", - дейді Кенжебек Жанәбілов.

Сондай-ақ, өнер иесі "Музарт" тобында ән айтуды армандамағанын да жеткізді.

"Мен Шымкент қаласына екінші курсты оқуға кетіп қалған кезім. Маған қанша ұйықтасам да, түске кірмейтін қоңырау шалынды. "Сен бүгіннен бастап "Музартсың" дейді. Мен "Сен шатасып тұрсың ғой деймін" дедім. Армандаған да жоқпын. Келген кезде маған қатты қиын болды. Біреудің орнын біреу басу оңай емес", - деп ағынан жарылды Кенжебек Жанәбілов.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше "Музарт" тобының әншісі дертті болып туған ұлын емдету үшін шетел жағалағанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel