RU

Қарағандыда құдыққа түсіп кеткен әкесін құтқармақ болған жігіт қаза тапты

Бүгін, 16 шілдеде Қарағандыда таңғы сағат 4-те үш ер адам канализациялық құдықта уланып қалды. Олардың бірі оқиға орнында жан тапсырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Alau.tv
Фото: Alau.tv: UGC
"№92 үйдің жанында, Бурабай көшесінде канализациялық қалдықтарды жинау әрі оны алуға арналған сорғы бекетінде, оны тазалау барысында, үй иесі 1960 жылғы ер адамның тереңдігі 6 метрді құрайтын құдыққа түсіп кеткені туралы хабарлама түсті.

Ер адамды құтқару мақсатында оның соңынан 1990 жылғы ұлы және 1989 жылғы көршісі түскен", - дейді ТЖ департаментінің ресми өкілі Жанна Дәурекбекова.

Осылайша, таңғы сағат бесте үй иесі мен көрші құтқарылған. Ауруханаға жеткізілген екі азаматтың да жағдайы ауыр.

"Ал таңғы 6:30-да "Қарағанды Су" ЖШС құтқарушыларының көмегімен үшінші ер адамның мәйіті шығарылды", - дейді департамент өкілі.

Құқық қорғау органдары құдықтың не себепті ашық жатқанын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804871-karagandyda-kdykka-tsip-ketken-kesin-ktkarmak-bolgan-zigit-kaza-tapty.html