RU
"Найманский" бауырсақтың дәмін татқан Сағынтаевқа ел риза болды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Найманский" бауырсақтың дәмін татқан Сағынтаевқа ел риза болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен болған қызықты оқиғаның видеосы тарап кетті. Онда отандық тауар өндірушілерінің бірі шаһар басшысына "найман бауырсақтарын" ұсынып, көпшілікті күлкіге қарық қылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Sputnik Қазақстан/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Instagram желісінде жарияланған қызықты жағдай 12 шілде күні Алматыда өткен Қазақстанның тауар өндірушілері көрмесінде орын алған.

Қала әкімі "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік конкурсының жеңімпазын анықтау мақсатында өндірушілердің өнімдерімен танысып шыққан. Сол сәтте отандық кәсіпкерлердің бірі мегаполис басшысына арнайы "найман бауырсақтарын" ұсынған.

Оның тауарының атауын бастапқыда дұрыс естімей қалған Сағынтаев келіншектен қайталап айтуын сұраған. Алматы әкімі ерекше бауырсақ атауына таңғалғанын жасыра алмай, одан дәм татты.

"Найман бауырсақтары" да бола ма? Өзара бөліне ме сонда? Есіме сақтап аламын" , - деп күліп айтты Бақытжан Сағынтаев.

Сіздің реакцияңыз
2
2
2
0
1
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel