Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алба-жұлба": Иығын жалаңаштаған Мәдина Сәдуақасованың суреті қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасына иығын жалаңаштап түскен суретін жүктеді. Аталған жазба астына әншінің оқырмандары түрлі пікір жазып қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балиде демалып жүрген отандық әнші "Ешқашан мұндай суретті Инстаграмға саламын деп ойлаған емеспін #албажұлба. Бірақ достар, бұл нағыз сезім, эмоция, көңіл-күй", - деп жазды.

Желі қолданушылары әншінің суретінің астына түрлі пікірлер жазып қалдырды. Бірі жұлдыздың табиғи сұлулығына тамсанса, енді бірі оның иығын жалаңаштағанына шамданды.

"Бәрібір сұлусыз", "Ұялмай-ақ қойыңыз, сізді бірінші рет мұндай кейіпте көріп тұрған жоқпыз", "Неге тек иығыңызды жалаңаштағансыз?", "Күйеуіңіз момын екен", ""Алба-жұлба" демей-ақ, жалаңаш денеңізді көрсеткіңіз келген шығар", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804883-alba-zlba-iygyn-zalaastagan-mdina-sduakasovany-sureti-kyzu-talkyga-tsti/

pixel