RU
2019 жылдың жазында күтілетін ең қызықты кинопремьера қандай?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

2019 жылдың жазында күтілетін ең қызықты кинопремьера қандай?

Рассказать Вконтакте

Биылғы жылдың жазы киносүйер қауым үшін табысқа толы болмақ. Атап айтар болсақ, 2019 жылы асыға күткен "Angry Birds в кино" мультфильмі және "Маленькое красное платье" фильмі жарыққа шығады. Nurtv.kz сіздердің назарларыңызға осы жылы көрсетілетін туындылардың трейлерлерін ұсынады.

1. "Тачка на миллион"

Фильмнің сюжеті 1980 жылдары Калифорнияда орын алған шынайы оқиғаға негізделген. ДеЛореан әлемдегі ең мықты көлік жасап шығаруды армандайды. Сондай-ақ арманына қол жеткізу үшін кез келген нәрседен тайынбайтынын көрсетеді.

Алайда тағдыр тәлкегімен ол алаяқ азаматтар арқылы есірткі барондарына жолығады.

2. "До скорой встречи"

2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты қарсаңында америкалық танымал футболшы жарақат алып қалады. Оның алған жарақаты болашақ карьерасына да қауіп төндіреді.

Осылайша ойыншы саяхатқа аттанып, сол уақытта өмірлік ғашығын да жолықтырып үлгереді.

Санкт-Петербург аруын ес-түссіз сүйіп қалған жігіттің өмірі фильмде күрт өзгереді.

3. "Angry Birds в кино 2"

"Angry Birds в кино" мультфильмі 2019 жылдың 15-ші тамызында жарыққа шығады. Мультфильмнің осыған дейінгі шығарылымдарында құстар жасыл түсті доңыздармен соғысады.

Алайда бұл жолы қатқан аралды мекен ететін Зета құстардың басты жауына айналады.

Зета барлығын суықтың құрсауында қалдыруға тырысса, жасыл доңыздар мен құстар бірігіп, оған қарсы соғыс ашады.

4. "Норм и Несокрушимые: Большое путешествие"

Арктиканың мұз тауларында Джин есімді археологтың ұшағы апатқа ұшырайды. Алайда бұл апатты оның қарсыласы ұйымдастырған болып шығады. Джиннің қарсыласы осы арқылы қытай құдайының құнды статуэткасын ұрлап кетеді.

Джиннің мүшкіл хәлін естіген Арктика королі Норм көмекке келеді.

5. "Маленькое красное платье"

Кішкентай қызыл көйлек сөреде ілулі тұр. Ол өте әдемі және кез келген әйелдің сұлулығын айшықтай түседі. Алайда көйлек өте бағалы. Оның бағасын кез келген нәзік жанды төлей алмайды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel