RU
Алматыда аялдамадағы адамдарды қағып кеткен жүргізушіге сот үкімі шықты

Алматыда аялдамадағы адамдарды қағып кеткен жүргізушіге сот үкімі шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыда аялдаманы қиратып, онда тұрған адамдарды қағып кеткен 31 жастағы көлік жүргізушісі Александр Типикинге сот үкімі шықты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапқан деп жазады Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sputniknews.kz. Водитель. Фото: "Время"/Роман Егоров

Фото: sputniknews.kz. Водитель. Фото: "Время"/Роман Егоров

Cот көлік жүргізушісіне алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Сотталушы жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады.

Оған қоса, ер адам он жылға рөлге отыру құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, Александр Типикин екі ай ішінде қаза тапқан екі келіншектің күйеулеріне моральдік шығын ретінде әрқайсысына екі млн теңгеден, зардап шеккен адамға 500 мың теңге төлеп беруі тиіс.

Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты осы жылдың наурыз айында Алматыдағы Тәттібеков көшесінде орын алды. Toyota Corolla көлігі аялдаманы қиратып, үш адамды қаққан болатын. Зардап шеккен бойжеткеннің бірі ауруханада көз жұмды. Кейін қаза тапқандардың саны екеуге жеткені анықталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel