RU
Биыл Құрбан айттың алғашқы күнінде қазақстандықтар демалмайтын болды
Жаңалықтар Қоғам

Биыл Құрбан айттың алғашқы күнінде қазақстандықтар демалмайтын болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтардың жаздың соңғы айында қанша күн демалатыны белгілі болды. Биыл сенбі-жексенбі мен Конституция күнін қосқанда, ел тұрғындарын тамызда он демалыс күні күтіп тұр. Ал биылғы Құрбан айтта демалыс жоқ деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: muslim.kz

Фото: muslim.kz

Елімізде Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады.

Алайда осы жылы діни мерекенің бірінші күні 11 тамыз яғни жексенбіге түскендіктен қазақстандықтар Құрбан айтта демалмайды.

Себебі бұл мереке ұлттық немесе мемлекеттік болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды.

Тамыздағы тағы бір мейрам 30 тамыз Конституция күні.

Биыл мемлекеттік мереке жұмаға тұспа-тұс келгендіктен, тиісінше ел тұрғындары бұл күні жұмыс істемейді.

Әрі қарай демалыс күндері түсіп тұрғандықтан, Конституция күнінде Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалмақ.

Осылайша, сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда, тамыз айының он күні демалыс болып отыр.

Сіздің реакцияңыз
51
2
3
4
5
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel