RU
"Көрсетпей жылап аламыз": Кенжебек Жанәбіловтің жұбайы жан сырымен бөлісті

"Көрсетпей жылап аламыз": Кенжебек Жанәбіловтің жұбайы жан сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

"Ережесіз әңгіме" бағдарламасына қонаққа келген "Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің әйелі Жәмилә Төлегенова алғаш рет отбасылық өмірі мен танымал жұбайы жайлы сыр шертті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің жұбайы Жәмилә Төлегенова өнер адамына тұрмысқа шығуды ойында болмағанын айтады.

"Басында қорқыныш болды. "Әншіге тұрмысқа шығамын" дегенді ойлаған жоқпын. Үйде көңілді жүреді деп айта алмаймын. Әр кезде әр қалай. Бірінші ән жазса да, маған көрсетеді. "Сен де сол халықтың біреуісің ғой. Тыңдап көрші" дейді. Оның бір жақсы қасиеті - адамдар көңілін қалдырып жатса да, ренжімейді ғой. Ішімнен ойлаймын, жаратылысының, пейілінің кеңдігі шығар деп ойлаймын.
Отбасына жақсы көңіл бөледі. Негізі қатал әке. Көп нәрсеге рұқсат бермейді. Бір жақсы қасиеті - қайын жұртым немесе өз жұртым деп бөлмей, бірдей қарайды. Арман-мақсаты бала-шағасының жақсы тәрбие алып, жақсы жерге келін болуы, жақсы келін әкелуі", - дейді Жәмилә Төлегенова.

Сондай-ақ әншінің әйелі күйеуінің көрсетпей жылап алатын күндері де барын жасырмады.

"Әке-шешеден ерте айырылғандықтан ба, ешкімнің алдына шығып кетпейді. Жылап алатын кездері болады. Мен де, Кенжебек те анамыздан ерте айырылғанбыз. Ол да, мен де көрсетпей жылап аламыз. Өнер адамы болғаннан кейін бе, жүрегі жұмсақ", - дейді әншінің жұбайы.
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
3
1
24
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel