RU
"10 жыл күттім": Динара Сұлтан тұрмысқа шығуына қатысты мәлімдеме жасады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"10 жыл күттім": Динара Сұлтан тұрмысқа шығуына қатысты мәлімдеме жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана тұрмысқа шыққан Динара Сұлтан тойды неліктен он жылдан кейін бір-ақ жасағанын түсіндірді. Әнші бұл күнді ұзақ күткенін Instagram парақшасында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бес баланың анасы атанған өнер иесі өзін "Некесіз бала туды" деп айыптағандарға жауап берген.

"Көпшілік менің бас баламен тұрмысқа шыққанымды түсінбей жатыр. Бәрі мүмкін. Тек адамның ішкі қалауы мықты болуы тиіс. Ойлар шындыққа айналады, рас айтамын. Бұл күнді он жыл күттім. Осы орайда "Балалары некесіз туған" деп айыптайтындарға айтарым: Неке көкте қиылып қояды. Біз үшін шешім қабылданып қойған", - дейді Динара Сұлтан.

Әншінің айтуынша, жұбайы екеуі тойларын жасамағанымен, мұсылмандық некесін жұбайымен танысқан алғашқы жылы қидырып қойған.

"Күйеуіммен танысқан алғашқы жылы-ақ некемізді қидырғанбыз. Ал бұл ең бастысы. Ал той деген - туыс-туған мен достардың басын қосуға арналған іс-шара. Балаларым бұл күнді өмір бойы қуанышпен еске алатын болады.
Ал қазіргі тойлар мен Love story видеолардың хитіне айналған "Сен" әнін бұл жолы сүйіктіме арнадым", - деп жазбасын аяқтады Динара Сұлтан.

Естеріңізге сала кетейік, Динара Сұлтан осыдан бірнеше күн бұрын бес баласының әкесіне қайта тұрмысқа шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз
53
4
1
0
3
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel