RU
"Шүкенов сияқты боласың": Серік Ибрагимов өнер жолына қалай келгенін айтып берді

"Шүкенов сияқты боласың": Серік Ибрагимов өнер жолына қалай келгенін айтып берді

Рассказать Вконтакте

Серік Ибрагимов "Zhenis show" бағдарламасында өзінің өнер әлеміне қалай келгенін айтып берді. Батырхан Шүкеновке ұқсағысы келген әнші өмірінде көрмеген саксафонды да бірнеше жылда үйреніп алғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бала күнінен дауысы жіңішке болған әнші өнер колледжіне түсіп, жатақхананы 8 жыл тұрақтаған.

"Оқуға тапсырдым. Айқайлап ән айтып бердім. Дауысым жіңішке әрі қатты еді. Вокалға барғым келді. Бірақ маған "сенің дауысың өтпелі кезеңнен өтпеген. Басқа аспап, басқа мамандық таңда" деді. Бірнеше аспап көрсетті. Мен ешқайсысын ұнатпаймын.
Сөйтіп, Асанәлі, Болат деген ағайларымыз келіп "Серік, үрмелі аспаптар бөліміне түс. Әншілігіңді де, аспабыңды да алып жүресің" деді. "Кларнет" деген аспапты көрсетті. Мен шошып кеттім. Ауылдан келген мен ондайды көрмегенмін.
"Кларнет пен саксафон ағайынды. Ал Саксафонда ойнасаң, Батырхан Шүкенов сияқты боласың" деді. Осы сөз жүрегіме қонды. Содан 2-3 курсымда саксафон үйреніп алдым", - дейді Серік Ибрагимов.

Әншінің айтуынша, ол ұстаздарының ақылын тыңдап, дауысы қалыптасқанға дейін ән айтпаған.

"Саксафон үйренгеннен кейін екі-үш жыл бойы ән айтпадым. Артынша консерваторияға келгенде бір-ақ ән айттым.
Ойлаңызшы төрт жыл коледжде, төрт жыл консерваторияда оқыдым. Сегіз жыл жатақханада тұрдым. Жатақхананың өзі сабақ болды. Сол жерден аман-есен өтіп, 2013 жылы бұрынғы продюсеріммен таныстым", - деп Серік Ибрагимов өнерге қалай келгенін айтып берді.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel