RU

Түркістан облысында ірі жол апатынан бес адам қаза болды

Түркістан облысында "Мерседес" шағын автобусы мен "КамАЗ" соқтығысып, жол апатынан бес адам қайтыс болды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: yablor.ru
Көрнекі фото: yablor.ru: Instagram

Оқиға Шымкент-Жібек жолы тас жолы бойында бүгін, 16 шілдеде сағат 13.15 шамасында болған.

"Мерседес" шағын автобусының жүргізушісі мен алты жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

"Аталған жайт Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде 345 бап бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда", - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Айта кетейік, қайтыс болғандардың барлығы шағын автобустың жолаушылары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804993-trkistan-oblysynda-iri-zol-apaty-bes-adam-kaza-boldy.html