RU

Нұр-Сұлтанда ұры аулада ойнап жүрген баладан кілт алып, пәтер тонаған

Нұр-Сұлтанда аулада ойнап жүрген баладан кілт алып, пәтерден 8 млн теңгенің бұйымын ұрлаған 23 жастағы жігіт ұсталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Facebook

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ата-анасы үйде жоқ кезде 10 жастағы бала аулаға доп тебуге шыққан.

Осы сәтті пайдаланған жігіт баланың сөмкесінен кілтті алып, пәтерге кіріп, зергерлік бұйымдар мен компьютер техникаларын ұрлаған.

Ведомство тәртіп сақшылары үш күнде күдіктінің кім екенін анықтап, қолға түсіргенін жеткізді.

Ол 23 жастағы Қызылорда облысының тумасы болып шықты. Жас жігіт кінәсін мойындаған.

Полиция қызметкері ломбардқа тапсырылған заттарды алып, иелеріне қайтарып берді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1804998-nr-sltanda-ry-aulada-ojnap-zrgen-baladan-kilt-alyp-pter-tonagan.html