RU
Ақтөбеде туысының аяусыз өлтірілгенін айтқан келіншек іске министрдің араласуын сұрап отыр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде туысының аяусыз өлтірілгенін айтқан келіншек іске министрдің араласуын сұрап отыр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде үш адамның аяусыз тепкісінен кейін 28 жастағы Андрей Быковский ауруханада жан тапсырған. Оқиғаға қатысты күдікті ретінде бір адам ғана қамауға алынған. Марқұмның туыстары істің тергелуіне күмән келтіріп, бас прокурор мен ішкі істер министрінен араша сұрап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Марқұмның туысы Виктория Криворучко Андрейдің өте мейірімді, ақкөңіл, бауырмал болғанын, ата-анасынан ерте айырылғанын айтты.

"Андрей әжесімен бірге тұрды. Сол күні ол дүкеннің алдында досымен тұрған. Оған дүкенге келген бөгде адамдар ұшырасып, досымен сөзге келген. Андрей көмекке ұмтылған. Мен жүгіріп келгенде, Андрей жолдың бойында қанға боялған күйі, ес-түссіз жатты.
Жұдырықтағандары былай тұрсын, басына отвертка тығу деген не сұмдық?! Ол аздай денесі алпамсадай Б. дегені басынан тепкілеп, тіпті секірген. Оқиғаға Қазақстанның бас прокурорының, министрдің араласуын сұраймыз. Біз төбелес шығарғандардың үшеуін де жауапқа тартуды талап етеміз ", - дейді Виктория Криворучко.

Ауыр жарақаттанған жігіт төрт күн комада жатып қайтыс болған.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бөлімшесі Быковскийдің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-шы бабының 3-ші тармағына сәйкес "Өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасқана зиян келтіру" бойынша сот алды тергеу амалдарын жүргізуде.

"Төбелес шығарған адам анықталып, қамауға алынды және де төбелеске қатысқан әр азаматтың өзінің орнын тергеу анықтап, содан кейін нақты шешім шығарылады", - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel