Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан Антальяға ұшпақ болған 180 жолаушы әуежайда тұрып қалған

Опубликовано:

NUR.KZ редакциясына бір топ тұрғын бүгін таңнан бері "Алматы - Анталья" рейсінің кешігіп жатқанын айтып, шағымданды. "Эйр Астана" баспасөз қызметі рейстің неліктен кешіктіріліп жатқанын түсіндірді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Рейс пассажирі ұшақ таңертең сағат 9:40-та ұшуы қажет болғандығын айтты.

"Белгісіз себептермен рейсті бірнеше рет кейінге шегерді. Балалар мен әйелдер таңнан бері нәр татпады. Адамдардың бәрі жолдамаларының ақшасын төлеп қойған, ал "Эйр Астана" келбетіндегі монополист бізге нақты жауап айтпай отыр. Осындай былық қашанға дейін жалғасады?", - деп жазған олар.

"Эйр Астана" баспасөз қызметі рейстің техникалық себептерге байланысты кешіктіріліп жатқандығын мәлімдеді.

"Алматы-Анталья бағытындағы КС915 рейсін жүзеге асырушы B-763 ұшағы, 6 сағат 45 минутке техникалық себептерге байланысты кешіктіріліп жатыр. Қазіргі таңда ұшақты алмастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болжалды ұшу уақыты бүгін, 16-шілде, жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да. Әуе компаниясы қолайсыздық тудырғаны үшін жолаушылардан кешірім сұрайды ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ олар бортта 180 жолаушының бар екендігін және ұшақ қазір ұшатынын айтты.

Сонымен қатар жолаушыларға сусындар мен ыстық тамақ ұсынылғаны да хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805002-almatyda-antalaga-spak-bolgan-180-zolausy-uezajda-tryp-kalgan/

pixel