RU
Латын әліпбиіне көшу тағы 10 жылға созылатыны рас па?

Латын әліпбиіне көшу тағы 10 жылға созылатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақстанда латын графикасына ауысу 2020-2035 жылдарға дейін созылады" деген ресейлік БАҚ бетінде жарияланған ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik Қазақстан/Болат Шайхинов

Фото: Sputnik Қазақстан/Болат Шайхинов

Мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов латын графикасына ауысу 2035 жылға дейін созылады деген мәліметтің шындыққа жанаспайтындығын айтты.

"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" жарлығына сәйкес Қазақстан үкіметі әліпбиді 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен ауыстыру үшін шаралар жоспарын бекітті", - деді ол.

Айта кетейік, латын әліпбиіне көшу шараларының жоспары үш кезеңнен тұрады. 2018-2020 жылдары нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, жаңа әліпбидің жазу ережелерін құрастыру және мәтіндерді латын графикасына көшіріп жазатын IТ қосымашалар жасап шығару көзделген.

"Келесі кезең 2021-2023 жылдарға жоспарланған. Осы аралықта мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер латын графикасына көшіріледі, төлқұжат, жеке куәлік және басқа құжаттар айырбасталады", - дейді Мелдешов.

Ал 2024-2025 жылдары мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар іс қағаздарын латын әліпбиінде жүргізе бастайды. Мемлекеттік БАҚ пен білім беру мекемелері де латын графикасына ауысады.

"Қазір 2020-2025 жылдарға тілдерді дамыту және қолдану туралы мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп жатыр. Негізгі мақсат – латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін жаңғырту", - дейді Мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитетінің төрағасы.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel