Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ауыл имамын отбасының көзінше соққыға жыққан

Опубликовано:

Түркістан облысы Сайрам ауданында белгісіз біреулер имамды отбасының көз алдында өз үйінде соққыға жыққан. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Ильяс Бурханов өзінің Facebook парақшасында жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: uralinform
Көрнекі фото: uralinform: Depositphotos

Бурхановтың жазуынша, бұл оқиғадан ауыл тұрғындары жағасын ұстап отыр. Оның мәліметінше, жәбірленуші ауруханада, ал күдікті бостандықта жүр екен.

Сондықтан автор имамды соққыға жыққан адам лайықты жазасын алса дейді.

Имамның соққыға жығылғанын Түркістан облыстық полиция департаменті растап отыр.

"Аталған жайт Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасында 10 шілде күні тіркелген. ҚР ҚК 107 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", - дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1805068-trkistan-oblysynda-auyl-imamyn-otbasyny-kzinse-sokkyga-zykkan/

pixel