RU

БАҚ: Дани Алвес "Ювентус" ойыншысы атанады

Бразилия құрамасының қорғаушысы Дани Алвес туриндік "Ювентус" ойыншысы атануы мүмкін. Футболшы "ПСЖ" клубынан еркін агент ретінде кетті деп хабарлайды Sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, 36 жастағы футболшының өкілдері мүмкін болатын ауысымды ақылдасу үшін Туринге келген.

Айта кетейік, Дани Алвес 2016/17 жылғы маусымда "Ювентус" сапында өнер көрсетіп, содан кейін "ПСЖ" клубына ауысып кетті.

Футболшы жақында аяқталған Америка кубогында үздік ойыншы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1805085-bak-dani-alves-uventus-ojynsysy-atanady.html