Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз полицейлері жер-көктен іздеген қазақстандық табылды

Опубликовано:

Ыстықкөлде 14 шілде күні жоғалып кеткен Қазақстан азаматы аман-есен табылды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Сталбек Усубакунов хабарлады деп жазады Sputnik Қырғызстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін 14 шілдеде 53 жастағы Қазақстан азаматы Кара-Ой ауылында суға арналған скутерді айдап жүріп, жоғалып кеткені хабарланған. Ер адамды іздеу үшін 167 милиция қызметкері жұмылдырылған.

Ал су үстінен іздеу үшін амфибия ұшақтары тартылған.

Сонымен қатар Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметі оқиға орнында 81 құтқарушы мен 12 қайық жұмыс істеп жатқанын да хабарлаған болатын.

Алдын-ала болжам бойынша, ер адам Ыстық-Көлдің оңтүстік жағалауына дейін жеткен. Скутері батып кеткен. Әзірге скутердің қандай жағдайда батып кеткені белгісіз. Ал қазақстандықтың өзі болса таксимен қайтып кеткен.

Мән-жайды анықтау үшін ол милицияға шақырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805112-kyrgyz-policejleri-zer-kkten-izdegen-kazakstandyk-tabyldy/

pixel