RU
Қазақстан Орталық Азияда суицидтен бірінші орында болып шықты

Қазақстан Орталық Азияда суицидтен бірінші орында болып шықты

Рассказать Вконтакте

Душанбедегі мәдени мұра және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі Орталық Азия университетінде өзіне қол жұмсау бойынша 30 жылға созылған зерттеу нәтижесі жарияланды. Қортындыға сәйкес Азияның өзге елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындар саны көп болып шықты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Америкалық Хьюстон-Даунтаун университетінің оқытушысы Шахназ Савани аталған оқу орнында "Орталық Азиядағы суицид: қауіп мен қорғау факторларын жүйелі зерттеу" тақырыбында лекция оқыды.

Баяндамада атап өтілгендей, әлемде жылына 1,5 миллион адам өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасады екен. Оның 76 пайызы табысы орта және төмен елдерінде жасалса, 60 пайызы Азия елдерінде орын алтын көрінеді.

Зерттеуге сәйкес Орталық Азияда суицид бойынша Қазақстанда алғашқы орында тұр. Көрші өзге елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындар саны - 48,1 пайызды құраған.

Мәселен бұл көрсеткіш Түркіменстанда 15,8 пайыз, Өзбекстанда 13,6 пайыз, Қырғызстанда 13,4 пайыз. Тәжікстанда - 7,2 пайыз.

Шахназ Саванидің пікірінше, аймақта халықтың көбі ислам дінін ұстанатынына қарамастан, өз өмірімен қоштасатындардың көрсеткіші төмендей отыр.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel