RU
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы "Астана" клубының спорт директоры болды

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы "Астана" клубының спорт директоры болды

Рассказать Вконтакте

Танымал қазақстандық шабуылшы Нүркен Мазбаев "Астана" футбол клубының спорт директоры қызметіне тағайындалды деп хабарлайды елордалық команданың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нүркен Қалдыбекұлы бірнеше клуб сапында, оның ішінде "Жеңісте" (Нұр-Сұлтан) ойнап, 138 гол салған.

Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасында да сәтті өнер көрсетті. Мазбаев ұлттық құрамада 13 матч өткізіп, екі рет мергендігімен көзге түскен.

Ол спорттық мансабын аяқтағаннан кейін "Тараз" клубының құрылымында бапкерлер штабында жұмыс істеді, спорт директоры болған.

"Тараздан" өзге Мазбаев Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің және көкшетаулық "Оқжетпес" клубының көмекшісі қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel