Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәрменсіз еркектің әңгімесі": Танымал ақын Дастан Оразбековтің әнін сынап тастады

Опубликовано:

Елімізге танымал ақын Мақпал Мыса Дастан Оразбековтің "Алау" атты әнінің сөзін сынға алып, мәтіннің түсініксіз екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дастан Оразбеков, Мақпал Мыса. Фото: "Беу" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Дастан Оразбеков, Мақпал Мыса. Фото: "Беу" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

"Беу" бағдарламасында өнер көрсеткен Дастан Оразбекке ақын әні арқылы нені жеткізігісі келгенін түсіне алмағанын айтты.

Мақпал Мысаның сөзінше, әннің мәтіні түсініксіз.

"Бұл мәтін өте нашар. Дәрменсіз еркектің әңгімесі, шыны керек. Тіпті намысқа тиетін сөздер бар мына жерде. "Келеміз еркектің арын көтеріп жалғыз, Өр кеудені бойсындырған бұл не деген күш?", "Бәріне төзу емделмес ауру" деген сөздер бар. Нені айтқыңыз келгенін мен түсінбей отырмын. Мен түсінбегенде, тыңдарман қалай түсінбек", - дейді ақын.  

Дегенмен Мақпал Мысаға әннің қайырмасы ұнаған. Ол өнер иесіне әнді мәтініне қарап таңдауға кеңес берді.

"Бірақ, қайырма жақсы. Алау сізге де, маған да, тыңдармандарға да, бәріне керек. Алайда, шумақтары өте мағынасыз, нашар жазылған. Сержанға құлаққағыс болсын. Бірақ ән, әуен, әнші ретінде сіз мықтысыз", - дейді Мақпал Мыса.

Ал Дастан Оразбек өзіне айтылған сындарды дұрыс қабылдайтынын айтып, көркемдік кеңес мүшелерінің айыптауларымен келісті.

"Шынымен де енді сөздің мәтініне терең мән беріп отырсыздар. Мен де толықтай қосыламын. "Көк аспанның" да сөзін жазған - Сержан. Оның тыңдалымы - 8,5 миллион. "Алаудың" сөзін де Сержан жазды. Бұл әнді тыңдаушылар 150-ақ мың. Жаман ән өзінің ретінде, өзінің бабында қала береді. Сондықтан сіздермен толықтай келісемін", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805136-drmensiz-erkekti-gimesi-tanymal-akyn-dastan-orazbekovti-nin-synap-tastady/

pixel