Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бейнеблогерлерге арналған конкурс басталады

Опубликовано:

«A kind heart» ҚБ «Қазақстанды аша отырып» блогерлер форумы қарсаңында «I’m from Qazaqstan» бейне-жұмыстар конкурсын іске қосады. Оған камерамен жұмыс істей алатын және бірегейлігімен таңдандыра алатын әрбір адам қатыса алады.

Қазақстанда бейнеблогерлерге арналған конкурс басталады

Конкурстың шарттарына сәйкес, қатысушылар өзінің туған қаласы немесе аулы туралы влог түсіріп, оның көрнекі жерлерін көрсетіп, сүйікті жерлері туралы айтып беруі тиіс және ол жер туристерді несімен қызықтыра алтынын түсіндіруі тиіс. Жеңімпаздарды керемет жүлделер күтеді: ең әсерлі бейненің авторлары 1 млн. теңге алады, екінші орынға 500 мың теңге, ал үшінші орынға – 300 мың теңге қарастырылған.

«I’m from Qazaqstan» конкурсы – осы жазда еліміздегі ең күтілген уақиғалардың бірі болып табылатын «Қазақстанды аша отырып» блогерлер форумының бірінші кезеңі. Конкурс қатысушыларынан әртүрлі тақырыптамалар бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінен блогерлер пулы құрылады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша қазақ тілді блогерлерге, әлеуметтік тақырыптар мен қоғам мәселелерін ашатын блогерлерге, шағын қалалар мен ауылдардағы блогерлерге, сондай-ақ білімдік және танымдық контент жасайтын блогерлерге ерекше назар аударылады.

Тамыз айында 35 шетелдік блогер үшін блог-тур болады, турдың қорытындысы бойынша олардың әрқайсысы бейне-шолу жасап шығарады. Бұл – Қазақстандағы туризмді дамытуға жәрдемдеседі, сонымен қатарт елімізді және оның өңірлерін танымал етеді.

«Қазақстанды аша отырып» форумы 24-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Бейбітшілік және Келісім Сарайында өтеді Бұл – Қазақстан үшін бірегей уақиға, ол алғаш рет республикамыздың түкпір-түкпірінен келген блогерлерді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың өкілдерін де бір алаңға жинайды.

Форум кезінде «Туризм», «Жастар», «Блогинг» сессиялары болады. Қатысушылар үшін супер-ақпараттық және пайдалы шеберлік сыныптары ұйымдастырылады, онда блогерлер блогингті дамытуға арналған барлық фишкалармен танысады. Аталған шеберлік сыныптарының тақырыптары: «Стратегиялық SMM/Блогинг-setters», «Пікірлер көшбасшысы профилін құру», «Мобильді түсірілім және өңдеу», «Подкасттар», «Демеушілік ықпалдасулар», «VR/AR», «Тревел-блогинг», «Фуд-блогинг», «Бизнес-блогинг», «Мама-блогинг», «Гейм-блогинг» және «Бьюти-блогинг». Сондай-ақ жаттықтырушылар блогерлердің Instagram және Youtube профильдерін қалай дамыту керектігі туралы және сапалы мультимедиялық контентті қалай құру керектігі туралы өз білімімен бөліседі.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «A kind heart» ҚБ. Қоғамдық бірлестік 20 жыл бойы әлеуметтік және құқықтық қызметтер ұсынып келеді, белсенді әлеуметтік-жауапкершілікті азаматық позицияларды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша үлкен тәжірибені иемденеді.

Жобаның стратегиялық серіктестері – еліміздегі аса ірі интернет-БАҚ «Internet Portal NUR» ЖШС, Қазақстандағы Youtube ресми серіктесі «Power Media» ЖШС және Қазақстанның туризм саласындағы бренд-менеджері «Kazakh Tourizm» ұлттық компаниясы.

Толық ақпарат және конкурсқа қатысу шарттары http://openqazaqstan.kz сайтында.

* PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805138-kazakstanda-bejneblogerlerge-arnalgan-konkurs-bastalady/

pixel